11. 1 Мәтіндік, аудио, бейне және графикалық ақпаратты сандық форматта ұсыну
Мультимедиа (Multimedia)
– компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді
біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиа терминi латын
тiлiнiң «multy» (көп) және «media» (орта) деген сөздерiнiң бiрiгуiнен
құралған. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді – мәліметтерді мәтіндік,
графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге
асырады. Мәтін, түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін
жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс
істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға,
дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге,
тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық бағдарламалар сөйлейтін
энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау
жұмыстарын толық қамтиды.
Мәтіндік
ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір
кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық орталар
мультимедиа ортасы деп аталады. Мультимедиа
(multimedia - көп орталы) – әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика,
сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік
және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен
байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы.
Мультимедиа
– компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттар, анимация, мәтiндер және
жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Кез
келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол
секілді «мультимедиа» сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз.
Яғни, мультимедиа:
-
әртүрлі типтегі
ақпаратты өңдеу құралдарын құру және пайдалану тәртібін анықтайтын
технология;
-
әртүрлі типтегі
ақпаратты өңдеу және ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық
ресурс;
-
әртүрлі типтегі
ақпаратты өңдеуге және ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық
құрал жабдықтар;
-
пайдаланушыға
барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламалық және техникалық
құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.
Мультимедиалық
технологиялар – әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру,
ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы
жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)
жиынтығы.
Мультимедиа
– әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн
компьютердiң аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенi.
Мультимедиа
құралдары – әртүрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді,
анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және
бағдарламалы құралдар комплексі. Мультимедиа
жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа
технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және
басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады.
Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік
технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедиа
технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін
көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд презентациялармен
көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен,
мультимедиалық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті
етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді. Интерактивті (inter-
бірлесу, act- әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті
технология – сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін
емес, бірін бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы.
Мультимедиа
деректердің бірнеше түрін (мәтін, дыбыс, бейне, графикалық сурет және анимация)
біртұтас тұтастыққа біріктіреді.
Тұжырымдама үш қасиетке ие:
-
мультимедиа идея
ретінде, яғни әртүрлі типтегі ақпаратты бірыңғай цифрлық түрде сақтаудың жаңа
тәсілі;
-
мультимедиа –
ақпаратты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық ретінде, онсыз
мультимедиалық идеяны жүзеге асыру
мүмкін емес;
-
ақпараттың төрт
элементін толық медиа қосымшасына біріктіруге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз
ету.
Мультимедиа
– әртүрлі формада берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен
интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің аппараттық және
бағдарламалық құралдар
кешені.
Мультимедиалық технология
құралдары:
Аппараттық құралдар;
Бағдарламалық құралдар.
Мультимедиа
технологиясының аппараттық
құралдары:
-
дыбыс жазу
құралдары (дыбыстық тақталар, микрофондар);
-
дыбысты ойнату
құралдары (күшейткіш, динамиктер, құлаққаптар және
гарнитуралар);
-
«виртуалды
шындық» құралдары (қолғап, көзілдірік, виртуалды ойындарда қолданылатын
шындықтар;
-
сақтау құралдары
(CD, DVD және
HDD);
-
тарату құралдары
(шағын бейнекамералар, сандық
камералар;
-
жазу құралдары
(CD/DVD-ROM дискілері, CDRW/DVD+RW,
TV және Fm
тюнерлер);
-
кескінді өңдеу
құралдары (бейне монтаж тақталары, пернетақталар, графикалық үдеткіштер);
-
компьютер,
теледидар, ақпаратты алуға және ыңғайлы қабылдауға арналған құралдар;
-
телекоммуникациялық
жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, талшықты-оптикалық желілер
т.б.);
-
телерадио
жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш
т.б.);
-
проекциялық
құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, жоғары проектор,
бейнепроектор, интерактивті проектор);
- интерактивті тақта (сурет 11.1).

Сурет 11.1 Аппараттық құралдар
Мультимедианың
бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде
пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.
Мультимедиалық
ресурстар – мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар
көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер. Мультимедиа
технологиясының бағдарламалық
құралдары:
Жүйелік бағдарламалық құралдар. Бұл компьютердің
операциялық жүйесінің бөлігі болып
табылатын және медиа құрылғыларды
басқаруды жүзеге асыратын
бағдарламалар
жиынтығы.
Аспаптық бағдарламалық құралдар. Мультимедиалық файлдарды
өзгертуге және мультимедиалық
қосымшалар жасауға мүмкіндік
беретін
бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалық құралдар. Бұл дайын және әдетте, CD
немесе DVD дискілерінде сатылатын
бағдарламалық жүйелер-фильмдер, оқулықтар,
энциклопедиялар, ойындар, кітаптар,
виртуалды мұражайлар, нұсқаулықтар,
жарнамалық материалдар және т.б.
Қазiргi
таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және
бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
оқыту процесiндегi
инновациялық әдiстердi жүзеге асыратын бiрден бiр жаңа ақпараттық
технология болып саналады.