КІРІСПЕ

Адам қызметінің барлық салаларына Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) енгізу білімге жаңа талаптар қояды.

Білім берудегі АКТ-ның мақсаты ақпараттық қоғамдағы білім алушының интеллектуалды мүмкіндіктерін күшейту, сондай-ақ білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқыту процесін ізгілендіру, даралау, қарқындату және оқыту сапасын арттыру болып табылады.

Ақпараттық қоғамда білім алушы болашақ маман иесінің негізгі мәселелерін түсініп, оларды шешу бағыттарын анықтап, пәндік салаларды тереңдетуге және цифрлық дағдыларды дамытуға бірегей мүмкіндіктер бере отырып, болашақ білімнің ажырамас бөлігіне айналады.

АКТ өмірдің барлық аспектілеріне еніп, адамдарға өзара әрекеттесудің, қарым-қатынастың, ақпаратқа қол жеткізудің және оқудың жаңа және жылдам тәсілдерін ұсынады, оларды интернетте жұмыс істеуге, ноутбуктермен, планшеттермен және смартфондармен өмірлерін ұйымдастыруға, ойлар мен эмоциялармен бөлісуге таптырмас «құралдарға» айналдырады.

Кәсіби дайындық процесінде әртүрлі ақпарат ағыны білім алушыларға ақпараттық мәдениетті игеру міндеттерін қояды. Болашақ мамандар Интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы кәсіби қызметте ең танымал веб-сайттарды білу, Білім және ғылым мәселелерімен айналысатын ақпараттық орталықтардың электрондық каталогтары мен дерекқорларын іздей білу, коммуникативті қабілеттерді дамыту, ойлауды дамыту (мысалы, интуитивті, шығармашылық, теориялық ойлау түрлері), компьютерлік графика, мультимедиалық технология мүмкіндіктерін пайдалану, оңтайлы шешім қабылдау немесе қиын жағдайда шешім қабылдау қабілеттерін  қалыптастыру, ақпаратты өңдеу дағдыларын қалыптастыру (мысалы, интеграцияланған пайдаланушы пакеттерін, әртүрлі графикалық және музыкалық редакторларды пайдалану), Интернет-платформадан ақпаратты алу, қашықтықтан білім алу, сайттар құру, репортаждар, бейнероликтер түсіру, оларды интернет желісіне, әлеуметтік желілерге жүктеу және т.б. адамды инертті тұтынушыға айналдырды.

Әлемде жаһандық экономиканы цифрландыру туралы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында айтыла бастады. Содан кейін әлемнің әртүрлі бөліктерінде Интернет пен ұялы телефондарды жаппай игере бастады.

Бүгінде бүкіл әлемде Интернет пен ұялы байланыс өмір салтының бір бөлігіне айналды. Цифрлық технологиялар қызмет көрсету мен өндіріс саласына белсенді енуде. Цифрлық қызметтер мен инфрақұрылымды белсенді дамытатын Қазақстан бұл процестен тыс қалмады. Қазіргі уақытта электрондық қызметтердің 92% онлайн режимінде қол жетімді.

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» және «Еуразиялық одақтың негізгі бағыттарын 2025 жылға дейін цифрландыру» мемлекеттік бағдарламалары қабылданған болатын. Бұл жобаның мақсаты индустрияландырудың, өндірістің жаңа әдістерін енгізу, білім деңгейін арттыру есебінен экономиканың жұмыс істеуін жақсарту болып табылады.

Цифрлық технологиялар өнеркәсіпке, білімге, қызмет көрсету саласына айтарлықтай әсер етті. Электронды оқулықтардың, онлайн курстардың немесе қашықтықтан оқытудың белсенді енгізілуін айта аламыз. Қазіргі таңда мобильді оқыту технологиясы білім беру саласында көп сұранысқа ие. Егерде цифрлық экономиканы айтатын болсақ, бұл электрондық төлемдер, финтех-сервистер, стартаптар. Сондай-ақ Smart City, қоғамдық және IT-қауіпсіздік, жасанды интеллект технологиялары.

Әлемдік ақпараттық кеңістіктің маңызды элементтерінің бөлігі электрондық кәсіби қорлар, Интернеттің іскерлік ресурстары, электрондық кітапханалар болып табылады.

Қазіргі білім алушы білуі керек:

- белгілі бір мәселені шешу үшін ақпараттық қажеттіліктерді анықтау;

- қолданыстағы заңнамалық және этикалық нормаларды ескере отырып ақпараттық ресурстарды пайдалану;

- ақпараттық ресурстарға қол жеткізу;

- ақпаратқа кәсіби баға беру.

Сондай-ақ мультимедиалық құжаттармен жұмыс істеу, компьютерлік презентациялар жасау, мәліметтер қорын жүргізу, сайттарды құру және қолдану мүмкіндігі, онлайн білім ала отырып, басқа білім алушылар және оқытушылармен диалогқа түсуге, коммуникативті мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді