10.2. Бұлтты есептеулер қағидаттары. Виртуалдау технологиясы. Бұлтты Web-қызметі

Бұлтты технология  – қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы – тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.

«Бұлтты есептеулер» анықтамасының көптеген нұсқалары бар (ағылш. cloud computing).

 «Бұлтты есептеулер» терминіне төмендегідей бірнеше анықтама берілген:

- Бұлтты есептеулер моделі есептеуіш ресурстар аркылы (мысалы, желі, серверлер, сактау жүйелері, косымшалар, кызметтер) жалпы желіге ыңғайлы катынау мүмкіншілігін береді.

- Бұлтты есептеулер – есептеу ресурстарына виртуалды онлайн «бұлттан» қол жеткізу.

- Бұлтты есептеулер – желілік қызмет ретінде ұсынылатын бағдарламалық және аппараттық есептеу ресурстарының жиынтығы.

- Бұлтты есептеулер – қолданбаларды онлайн режимінде манипуляциялау, баптау және қол жеткізу. Ол онлайн деректерді сақтауды, инфрақұрылымды және қолданбаларды ұсынады.

- Бұлтты есептеулер – деректер мен қолданбаларды қолдау үшін Интернетті және орталық, қашықтағы серверлерді пайдаланатын дамып келе жатқан есептеуіш технологиясы.

- Бұлтты есептеулер – тұтынушының сұранысы бойынша қолжетімді серверлер, сақтау және деректерді өңдеу құрылғылары (немесе бағдарламалық қызметтер – басқа көздерде) сияқты есептеу ресурстары желілік қосылыммен қамтамасыз етілетін принцип.

- Бұлтты есептеулер – қашықтағы серверлер жиынтығы арқылы желі арқылы көрсетілетін қызметтерді сипаттау үшін қолданылатын термин.

Бұлттық есептеу (ағылш. cloud computing) қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, мәлімет өткізетін желілерге, серверлерге, ақпарат сақтау құрылғыларына т.б., барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) қай жерде болмасын, әрі ыңғайлы қол жеткізуді (access) қамтамасыз ету моделі. Бұлтты есептеу технологиясы бойынша қажетті IT ресурстарды төменгі эксплуатациялық шығындармен қолдануға мүмкіндік береді (сурет 10.1).

suret_10.1.png

                                                         Сурет 10.1 Бұлтты есептеулер

 

            Бұлтты сақтау түрлері: қоғамдық бұлт, жеке бұлт, қауымдастық бұлты, гибридті бұлт (аралас бұлт) (сурет 10.2).

              suret_10.2.png

                                                                Сурет 10.2 Бұлттың түрлері