7.4. Интернет желісіне қосу технологиясы. Телекоммуникациялық технологиялар

 Интернетке компьютерді қосу әдісі провайдердің (кызметті берушінің) деректерді беру жылдамдығы мен сапасына, пайдаланылатын пайдаланушы қызметтерінің деңгейіне байланысты. Қолжетімді онлайн қызметтерге: E-mail, WWW, FTP, Usenet, IP телефония, ағындық видео және т.б. жатады. Интернетке қосылу жолдарын төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

- коммутациялық қолжетімділік;

- бөлінген желілері арқылы қолжетімділік;

- кең жолақты желі бойынша қолжетімділік (DSL – Digital Subscriber Line, Цифрлық абоненттік жолақ);

- жергілікті желі арқылы интернетке қолжетімділік;

- интернетке спутник арқылы қолжетімділік;

- кабельдік теледидар желісі арқылы интернетке қолжетімділік;

- сымсыз технологиялар арқылы.

Коммутацияланатын қолжетімділік үшін, ереже бойынша, аналогты модем және аналогты телефон желісі, бірақ ISDN цифрлық телефон желісі арқылы коммутациялық қолжетімділікті де пайдаланылады. ISDN қызметтер интеграция бар цифрлық желіге компьютерді қосу үшін ISDN адаптер қолданылады. Сонымен қатар интернетке коммутациялық сымсыз мобильді GPRS (ағылшш. General Packet Radio Service - ортақ пайдаланудағы пакеттік радиобайланыс) – интернет және мобильді CDMA (ағылшш. Code Division Multiple Access – кодтық бөлумен кодтық қолжетімділік) интернет технология көмегімен қосылуға болады. Ерекшеленген байланыс каналдарына деген қолжетімділік ISP (ағылшш. Internet Service Provider – Интернет-провайдер) провайдеріне тиісті үй жайлардан компьютермен коммутаторға дейінгі байланыстың тұрақты каналын жасайды. Бұл әдіс компьютердің интернетке тәулігіне 24 сағат бойы қосылып тұруын қамтамасыз етеді. Қосылудың бірнеше нұсқалары бар: 2400 бит/с - 1,544 Мбит/с жылдамдығымен ерекшеленген желілер және 56 Кбит/с - 45 Мбит/с жылдамдығымен коммутациялық кадрлардың виртуалды тұрақты каналдары бойынша. Үлкен мекемелер үшін интернетке жергілікті желі арқылы қосылудың бұл әдісі анағұрлым тиімді болып табылады.

Жеке тұлғалар және компаниялар үшін интернетке қосылудың кең жолақты DSL желісі болашағы бар әдіс болып табылады. DSL/кабельді модемін пайдаланып, аналогтық телефон желісі арқылы қолжетімділікті ұйымдастыру үшін арналған. Бұл әдіспен 50 Мбит/с-қа дейін дерек жіберуге болады. Fast Ethernet архитектурасы арқылы интернетке жергілікті желі арқылы қатынау пайдаланушыларға жаһандық интернет ресурстарына және жергілікті желі ресурстарына қолжетімділік береді. Қосылу (10/100 Мбит/с) желілік карта арқылы негізгі бағыттар бойынша 1Гбит/с жылдамдығына дейін және соңғы пайдаланушы үшін 100 Мбит/сек жылдамдықпен деректерді жіберу іске асады. Спутник арқылы интернетке қосылу (DirecPC, Europe Online) шалғай аудандардағы пайдаланушылар үшін белгілі. Максималды деректі қабылдау жылдамдығы 52,5 Мбит/с-ка дейін (нақты орташа жылдамдық 3 Мбит/с-қа дейін). Интернетке қосылу үшін кабельді теледидар пайдаланушылары кабельдік теледидар желісінің каналдарын пайдалана алады, мұнда деректерді қабылдау жылдамдығы 2-ден 56 Мб/сек-қа дейін. Кабельді теледидар желісіне қосылуды ұйымдастыру үшін кабельді модем пайдаланылады. Сонғы кездері интернетке қосылудың сымсыз әдісі танымал болып келеді. Соңғы сымсыз технологияларына:

-WiFi;

- WiMax;

- RadioEthernet;

- MMDS;

- LMDS;

- мобильді GPRS – Интернет;

- мобильді CDMA – Интернет жатады.

Интернетке қосылудың баламалы тәсілдерінің бірі – ұялы байланыс операторлары арқылы қосылу. Көптеген ұялы байланыс телефондары интернетке арнайы WAP (ағылшш. Wireless Application Protocol – деректерді жөнелтудің сымсыз хаттамасы) – сымсыз қолжетімділік хаттамасы арқылы қосылады. Интернет желісінде ұялы телефондардан қарауға арналған арнайы парақшалар бар. Ұялы телефонды компьютерге қосып және осы арқылы компьютерден интернетке шығуға болады. Бұл әдіс іссапарда, кеңседен тыс жерде, саяхатта жүргенде қолайлы. Ноутбуктарда қазір интернетке қосылудың тағы бір жолы бар. Ол компьютерлерге сымсыз желіге біріктіруге арналған және интернетке қосуға арналған Wi-Fi технологиясын ұстайтын арнайы электронды плата орнатылады.

Провайдер – интернет ресурстарына қолжетімділікті ұсынатын ұйым. Интернетке қосылу жолдары:

- АТС арқылы коммутациялык қосылу;

- ISDN арқылы коммутациялык қосылу;

- бөлінген желі бойынша қосылу;

 - радиоканал бойынша қосылу.

Телекоммуникация  (Telecommunications) – компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметтерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмасуға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша tele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ауылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.