7.1. Желілердің түрлері. Локальді және глобальді желілер
Компьютерлік
желі (есептеу желісі) – есептеу құрылғылары (компьютерлер, серверлер,
маршрутизаторлар және басқа жабдықтар) арасында деректер алмасуды қамтамасыз
ететін жүйе.
Бұл
бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы, олардың көмегімен компьютерлер,
деректер қоймалары және электронды кеңсе құрылғылары ақпараттық ресурстарды
жалпы пайдалану және мәліметтер алмасу үшін жүйеге
қосылады.
-
құрылғылардың
ішінде мысалы: принтерлер, дискілер, т.б. материалдық ресурстар мен уақытты
үнемдеуге ықпал жасайды;
-
бағдарламалар
мен деректер техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз етуді
оларды сатып алудың шығындарын азайтып, жеңілдік жасайды;
-
ақпараттық
қызметтер.
Ақпаратты
сақтау, жіберу, өңдеу үрдісіне қатысатын компьютерлердің ресурстарын біріктіру
осы үрдістердің жылдамдығын, сенімділігін арттырады және деректерді бірігіп
өңдеп, әрбірінің өзара араласуын ұйымдастырады. Онымен қоса пайдаланушы басқа
компьютерлерде орналасқан желі кызметтері мен қолданбалы үрдістермен,
құрылғылармен жұмыс жасау мүмкіндігін алады.
Компьютерлерді
біріктірудің маңызды артықшылығы ақпаратты бір компьютерден басқа бір қашықтықта
орналасқан кез келген компьютерге жіберу болып табылады.
Компьютерлік желілерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеу қабылданған. Ең көп таралғаны алатын аймағына байланысты көлемі бойынша жіктеу болып табылады (сурет - 7.1):
-
LAN (ағылшш. Local Area Network – Жергілікті компьютерлік желі);
- MAN (ағылшш. Metropolitan Area Network – Аймақтық компьютерлік желі);
- WAN (ағылшш. Wide Area Network – Ғаламдық компьютерлік желі)

Сурет 7.1 Компьютерлік желілерді біріктіру
Жергілікті
компьютерлік желі – алыс
емес қашықтықта орналасқан абоненттерді біріктіреді. Әдетте жергілікті желі жеке
кәсіпорындар талаптарын орындауға пайдаланылады, мысалы, емхана, дүкен немесе
оқу орындарының жергілікті желісі. Жергілікті желі ресурстары басқа желі
пайдаланушыларына қолжетімді емес.
Аймақтық
компьютерлік желі –
бір бірінен айтарлықтай қашықтықта орналасқан түйіндерді біріктіреді. Олар
мемлекеттің, экономикалық аймақтың, үлкен қаланың ішіндегі жергілікті желі және
басқа абоненттерді біріктіре алады. Әдетте аймақтық компьютерлік желілер
арасындағы алшақтық ондаған, жүздеген шақырым болады. Облыстық кітапхананың
аймақтық желісі осындай желінің мысалы бола болады.
Ғаламдық
компьютерлік желі
– үлкен қашықтықтағы компьютерлер ресурстарын біріктіреді. Ғаламдық компьютерлік
желі әртүрлі құрлықтарда түрлі елдерде орналасқан абоненттерді біріктіреді.
Мұндай желі абоненттері арасында өзара байланыс телефон желісі, радио және
спутниктік байланыс жүйелері негізінде іске асады.
Ғаламдық компьютерлік
желі барлық адамзаттың ақпараттық
ресурстарын біріктіру мәселесін шешіп, осы ресурстарға қолжетімділікті
камтамасыз етеді. Желілердің иерархиялык ұйымы бар. Олар
бір
бірінін
құрамына кіріп,
жергілікті желілерді аймақтық желіге,
аймақтық желілерді ғаламдық желіге біріктіре алады. Ғаламдық есептеу желілері
аймақтық желілерді және басқа да ғаламдық желілерді
біріктіреді. Мұндай
желінің мысалы ретінде
интернетті қарауға болады,
онда желі пайдаланушылары ғаламдық желі
ресурстарына
қол жеткізу үшін
бірдей интерфейске ие болады.
Қазіргі
таңда корпоративтік желілер кең таралған: олар, бір жағынан компьютерлерді
корпоратив ішілік ақпарат алмасу үшін біріктіріп, жергілікті желілер мәселесін
шешсе, екінші жағынан ғаламдық желілер технологиясын қолданады.
Корпоративті
желі құрамына бірнеше жергілікті есептеу желілері кіретін, аралас топологиядан
тұратын желі. Ол корпорациялар филиалдарын біріктіреді және кәсіпорын меншігі
болып табылады. Ғаламдық желіге шығуда және ішкі мәселелерді шешуде бірыңғай
желілік технологияларды, бірыңғай өзара әрекеттесу тәсілдері мен қосымшаларды
пайдаланатын корпоративтік желі Интранет деп аталады (Intranet).
Желі
топологиясы деп
желінің физикалық байланыс конфигурациясын айтамыз. Топологияның бірнеше түрі
бар: толық байланысқан, сақиналы, жұлдызша тәрізді, шиналық, аралас. Толық
байланысқан топология әрбір компьютердің өзара байланысын білдіреді. Толық
байланысқан топология сирек қолданылады, себебі ол әрбір жұп компьютер үшін
бөлек физикалық каналдарды бөлуді талап етеді.
Толық
байланысқан желі топологиясы Сақиналы
желі топологиясы – сақина бойымен деректердің бір
компьютерден екіншісіне берілуін қамтамасыз етеді (сурет 7.2). Мұндай
конфигурация арқылы байланысқан кез келген екі компьютер екі жолмен байланысады:
сағат тілімен бағыттас және қарама қарсы бағытта. Бірақ мұндай желіде бір
компьютердің істен шығуы басқа компьютерлер арасындағы байланысты да
бұзады.

Сурет 7.2. Сақиналы желі топологиясы
Жұлдызша тәрізді
топология –
әрбір компьютердің ортақ құрылғыға қосылуын қамтамасыз етеді, ондай құрылғылар
ретінде компьютер қайталауыш немесе бағыттауыш, концентратор болуы мүмкін.
Қазіргі таңда жұлдызша тәрізді топология ең кең таралған топология түрі болып
табылады (сурет 7.3).
Шиналық
топология
– ақпараттың ортақ шина бойымен таралуын қамтамасыз етеді. Егер ол сымсыз желі
болса, онда ортақ шина рөлін кабельдің орнына радио ортасы атқарады. Шина арқылы
берілетін ақпарат бір уақытта сол желіге қосылған барлық компьютерлерге
қолжетімді болады.

Сурет 7.3. Жұлдызша тәрізді желі топологиясы
Бұл топологияны ұйымдастыру арзан және ұлғайтуы қарапайым болып келеді.
Кемшілігі кабельдің сенімсіздігінде болып табылады (сурет 7.4)

Сурет
7.4. Шина тәрізді желі топологиясы