6.5. Деректерді визуализациялау

Визуализация – деректерді түсіндірудің және талдау нәтижелерін графиктер, диаграммалар және басқа көрнекі құралдар түрінде ұсынудың тиімді әдісі.

Бұл деректерді визуализация құралдарының көмегімен жүзеге асады.

Деректердің нәтижелі көрінісі нақты уақыттағы трендтерді, ауытқулар мен деректердің мәні туралы жаңа түсініктерді анықтауды және хабарлауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Үлкен деректер көлемі өскен сайын, тұтынушылардың компьютерлерінде және мобильді құрылғыларында көбірек түсінік алу үшін деректерді визуализациялау құралдарын пайдаланады.

Осы тұрғыда деректерді визуализациялау құралдары ғалымдарға деректер көздерін қадағалауға және ауқымды зерттеулерге дейін немесе одан кейін деректер жинақтары бойынша негізгі көптеген зерттеулеріне көмектеседі.

Визуализация жасаудың үздік құралдары:

Google Charts – JavaScript негізінде веб-қосымшаларға интерактивті диаграмма қызметін қоса алатын және диаграммалардың үлкен көлемін көрсете алатын құрал болып табылады. Бұл пайдаланушылардың ақпараты негізінде графикалық диаграммаларды жасай алатын бұлтқа негізделген интерактивті құрал.

FusionCharts – мобильді және онлайн қолданбалар үшін көрнекі тақталарын жасауға мүмкіндігі зор құрал. Құжаттардың толықтығы, кроссбраузер тиімділігі және диаграммаларды жасау бұрынғыдан оңай жасалады және де диаграммаларды экспорттауға болады.

Microsoft Power BI – қазіргі таңда барлық мекемелерде деректерге іскерлік талдау мәдениетіне бағытталған деректердің визуализациялау технологиясы. Сол мақсатта деректерді талдау, жинау және тарату үшін пайдалануы мүмкін, осы ретте өз өзіне қызмет көрсететін құралдарға негізделеді. Көптеген өзінің пайдаланушыларына деректер визуализациясын және жасанды интеллект тиімділіктері мен Excel мүмкіндіктерін ұсынады.

Tableau – бүгінде жылдам дамып келе жатқан түрлі коммерциялық қолданбалар үшін тиімді визуализация құралы болып табылады. Көптеген графиканы құру үшін деректерді визуализациялаудың керемет құралы және деректер қорына сілтеме жасауға болады.

Whatagraph – бір уақытта бірнеше науқандарды бақылауға және салыстыру жасауға мүмкіндік бере алатын визуализациялау құралы. Ол Google Sheets және API арасында деректерді тасымалдауға мүмкіндік береді.

Workday Adaptive Planning – өз бизнесіңізге көмектесетін деректерді визуализациялау құралы. Тиімді шешім қабылдау үшін жоспарлауға, есеп жасауға, бюджетті болжауға ең қажетті визаулизациялау құралы болып есептеледі. Бұл қаржылық есеп беру, жоспарды жасау, талдау үшін қажеттінің барлығын жасай алады.

Qlik – сөйлеу талдауларын орындап, мәліметтерді біріктіретін және өңделмеген деректерді білім базасына айналдыратын интеллект платформасы. Арнайы сұрауларды қолданады және ыңғайлы қол жетімді деректер негізінде жылдам шешім қабылдай алады. Бұл бірнеше деректер көзінен алынған ақпаратты бір қолданбаға тез жинауға мүмкіндік бере алады. Сонымен қатар, мобильді құрылғыдан деректерге қол жетімділікті береді және қалпына келтіруге болады.

Dundas BI – есептерді, көрсеткіштерді, бақылауды анықтау үшін деректер визуализацияларын құруға және көруге арналған Business Intelligence (BI) платформасы болып табылады. Dundas BI жүйесін орталық деректер порталы сияқты пайдаланып немесе веб-сайтқа қосып пайдалануға болады.

Juice Analytics – үлкен көлемді презентациялармен таң қалдырғысы келетін тұтынушылар үшін кеңесшілер мен ақпарат мамандарына арналған деректер визуализациялау құралы. Жұмыс істеу оңай, өйткені керемет деректер тарихын жасауға кодтау мен дизайнды керек етпейді.

Sisense – күрделі деректерді қолданушыларға жеңілдетуге, өз компаниялары мен басқа адамдар туралы ақпаратты алуға көмек беретін түрлі құралдармен интеллектке негізделген визуализациялау шешімі бола алады.

Highcharts IT мамандары және технология әуесқойларына және экономика, бизнес әлемінде деректерді оңай түсінуге, сұранысқа ие дағдыларды игеруге және т.б. тәсілдер туралы белгісі келетіндер үшін тиімді құрал.

Деректерді тиімді визуализациялау өнімдерімізге, қызметтерімізге немесе бизнесіміздің дамуына, басқада маңызды аспектілеріне тиісті шешім қабылдаудың негізгі кілті болып табылады.