Бүгінгі
таңда технологияның дамуымен интернетте, сақтық көшірмесі жасалған құжаттарда,
электрондық пошталарда, бейнелер мен фотосуреттерде жұмсалатын уақыт артып
келеді және үлкен деректер ұғымы (Big Data термині) маңыздылыққа ие болуда. Бұл
деректер санының күн санап артып келе жатқанын білдіреді.
Қоғамдық
технология салаларына Big Data планетамызда адамдар санына нақты келгенде
қолданыла бастады. YouTube, Facebook, ВКонтакте, адам саны миллиардтап
есептелді, ал алар орындайтын операциялар өсе берді. Бұл жерде деректер ағыны –
қолданушы қызметтері. Мысалы, YouTube хостингінің ақпараттары, өңдеу түсінігінде
тек интерпретация емес сонымен бірге әрбір әрекетті дұрыс өңдеуді болжайды –
ақпаратты дұрыс жерге орналастырып әрбір қолданушыға тез жетімді ету, себебі
әлеуметтік желілірде ақпарат алмасу өте тез жүреді. Мысалы, полиция жүйесінде
барлық камералардан алынған ақпарат сізге кез келген машинаны табуға мүмкіндік
береді.