6.2. Шешімдер ағашы

Шешімдер ағашы әдісі болжау мәселелерін шешудің ең танымал әдістерінің бірі болып табылады. Шешім ағашы – шешім қабылдау үшін  нақты жолды көрсететін блок-схема түрі. Яғни, «егер ... онда ...» түрінде ережеден тұратын иерархиялық ағаш құрылымы.

Шешім ағаштары деректерді автоматты талдау әдістерінің бірі болып табылады. Шешім ағаштарын құрудың алғашқы идеясы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғындағы Ховеленд (Hoveland) пен Ханттың (Hant) жұмысынан басталады. Шешім ағаштары – әрбір нысан шешімді беретін бір түйінге сәйкес келетін иерархиялық, тізбекті құрылымдағы ережелерді көрсету тәсілі.

Мысалы, «несие беру» шешім ағашын көрейік (сурет 6.1).

                      suret_6.1.png

Сурет 6.1 «Несие беру» шешім ағашы

Қолдану аясы бойынша шешім ағаштары қазіргі уақытта кең таралған, бірақ бұл әдіспен шешетін барлық тапсырмаларды келесі үш топқа біріктіруге болады.

1. Деректер сипаттамасы. Шешім ағаштары деректерді ықшам түрде сақтауға мүмкіндік береді, оның орнына объектілердің нақты сипаттамасын қамтитын шешімдер ағашын сақтауға болады.

2. Жіктеу. Шешім ағаштары жіктеу міндеттерін, яғни объектілерді алдын-ала белгілі сыныптардың біріне жатқызуды өте жақсы орындайды. Мақсатты айнымалының дискретті мәндері болуы керек.

3. Регрессия. Егер мақсатты айнымалы үздіксіз мәндерге ие болса, шешім ағаштары мақсатты айнымалының тәуелсіз (кіріс) айнымалыларға тәуелділігін орнатуға мүмкіндік береді. Мысалы, бұл класс сандық болжау есептерін (мақсатты айнымалы мәндерді болжау) қамтиды.

Шешім ағаштарын қолдану

а) Банк ісі: банк клиенттері, ақпарат, шот және несиелер мен операциялар үшін.

ә) Авиакомпания: брондау және кесте туралы ақпарат алу үшін. Әуекомпания алғашқылардың бірі болып мәліметтер қорын географиялық тұрғыдан үлестірілген түрде қолданды, бүкіл әлемде орналасқан терминалдар орталық мәліметтер базасына телефон желілері және басқа да деректер желілері арқылы қол жеткізді.

б) Университеттер: білім алушылар туралы ақпарат, курстарға тіркеу және бағалау жүйесі үшін.

в) Несиелік карта бойынша операция: несиелік карталар бойынша сатып алулар және ай сайынғы үзінді көшірмелерді жасау үшін.

г) Сату: тұтынушы, өнім және сатып алу туралы ақпарат үшін.

д) Адам ресурстары: қызметкерлер, жалақы, жалақы салығы және жеңілдіктер туралы ақпарат алу үшін.

Шешім ағаштары шешімдерді қолдау жүйелерінде және деректерді өңдеуде (data mining) тамаша құрал болып табылады.