5.5. SQL негіздері
SQL
тілі – компьютердің деректер базасында сақталған ақпараттарды таңдауға және
өңдеуге арналған құрал. SQL – құрылымдалған сұраныстар тілінің аббревиатурасы
(Structured Query Language).
SQL – құрылымдық сұраныс тілі дегенді
білдіреді. Бұл кестелерде сақталатын өзара байланысты ақпараттардың жиыны болып
табылатын реляциялық мәліметтер қорын құруға және жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін тіл.
Ақпараттық
кеңістік біртұтас болып келеді. Бұл компьютерлік ортаның көптеген түрлерінде
қолдануға болатын стандартты тілді құру қажеттілігіне әкелді. Стандартты тіл
командалардың бір жиынтығын білетін пайдаланушыға оларды дербес компьютерде,
желілік жұмыс станциясында немесе әмбебап компьютерде жұмыс істейтініне
қарамастан, ақпаратты құру, табу және беру үшін пайдалануға мүмкіндік
береді.
Оның
компьютерлік технологиядан тәуелсіздігі, сондай-ақ реляциялық дерекқор
технологиясындағы сала көшбасшыларының қолдауы SQL-ді негізгі стандартты тілге
айналдырды.
SQL
тілі реляциялық мәліметтер қорындағы деректерді басқаруға, мәліметтер қорының
құрылымын анықтауға және көп қолданушы ортасындағы деректерге қол жеткізу
құқықтарын басқаруға арналған.
Сондықтан
SQL тіліне құрамдас бөліктер ретінде мыналар кіреді:
1.
Деректерді
манипуляциялау тілі (Data Manipulation Language, DML).
2.
Деректерді
анықтау тілі (Data Definition Language, DDL).
3.
Деректерді
басқару тілі (Data Control Language, DCL).
Пайдаланушыларға,
бағдарламаларға және компьютерлік жүйелерге арналған реляциялық деректер қорында
қамтылған ақпаратқа қол жеткізу SQL (Structured Query Language) арқылы
қамтамасыз етіледі.
Объектіге
бағытталған модельде мәліметтерді ұсыну кезінде мәліметтер қорының жеке
жазбаларын анықтауға болады. Мәліметтер қорының жазбалары мен оларды өңдеу
функциялары арасында объектіге бағытталған бағдарламалау тілдеріндегіге ұқсас
механизмдер арқылы байланыс орнатылады.
Артықшықтары:
-
Арнайы
ДҚБЖ-дан тәуелсіздік – барлық жалпы ДҚБЖ-лар SQL тілін
пайдаланады;
-
SQL
көмегімен жасалған қолданбаларды жергілікті деректер қорлары үшін де,
клиент-сервер жүйелері үшін де пайдалануға болады;
-
SQL
операторлары интерактивті және бағдарламалық қатынас үшін де пайдаланылады,
сондықтан деректер қорын қамтитын бағдарламалардың бөліктері алдымен
интерактивті түрде тексеріліп, содан кейін бағдарламаға енгізілуі
мүмкін.
SQL
мүмкіндіктері:
-
Құрылымының
толық сипаттамасымен мәліметтер қорын және кестені құру;
-
Кестелерден
деректерді енгізу, өзгерту және жою сияқты негізгі деректерді өңдеу әрекеттерін
орындау;
-
Деректерді
түрлендіретін қарапайым және күрделі сұрауларды іске
қосу.