5.3. Деректер моделі
Деректер
базасының көмегімен шешілетін әралуан есептер деректер базасын құрылымдау мен
деректердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін
қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде деректер базасының бірнеше моделі
пайда болды. Деректер моделінің 3 түрі бар: иерархиялық, желілік,
реляциялық.
Иерархиялық
ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі,
қалғандары бағыныңқы элементтер, ал екінші элементке бірінші элементтен
басқасының барлығы бағыныңқы болып есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек
бойынша сатылы түрде болады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен
бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет
ресурсындағы каталогтар жиыны.
Иерархиялық деректер үлгісінде ақпаратты ұсынудың негізгі құрылымы ағаш болып табылады. Ағаш – циклдері жоқ байланысқан график ретінде анықталады (сурет 5.4).

Сурет
5.4. Иерархиялық модель
Желілік
ДҚ-да объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Оларда
ешқандай ереже болмайды. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек –
жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы:
сілтемемен байланысқан WWW-құжаты
(сурет 5.5).

Сурет
5.5. Желілік модель
Реляциялық ДҚ қарым-қатынастарға негізделген модель болып табылады. Реляциялық модельдің негізгі деректер құрылымы – белгілі бір нысан (мысалы, студент) туралы ақпарат бағандар мен жолдарда ұсынылған кесте болып табылады. Бағандар нысанның әртүрлі атрибуттарын (сипаттамалары) сипаттайды (мысалы, студенттің аты, мекенжайы, тіркеу нөмірі). Жолдар (сонымен бірге жазбалар деп аталады) нысанның (мысалы, нақты студент) даналарын көрсетеді (сурет 5.6).

Сурет
5.5. Реляциялық модель
Реляциялық
ДҚБЖ мысалдары:
MicroSoft
Access, Paradox, dBASE, FoxPro, Clarion, DB2, Oracle
Сонымен
қатар, соңғы жылдары мынадай: постреляциялық, көпөлшемді, объектіге бағытталған
деректер моделі пайда болды және іс жүзіне белсендірек енгізіле
бастады.