5.2. Деректер қорының архитектурасы
Деректер
қоры түсінігі бірнеше пайдаланушылардың көптеген мәселелерді шешу мүмкіндігі.
Осыған байланысты қазіргі ДҚБЖ ең маңызды сипаттамасы көп қолданушы
технологиясының болуы болып табылады.
Орталықтандырылған
архитектурасы
Технологияны пайдалану кезінде деректер қоры, ДҚБЖ және қолданбалы бағдарлама (қосымша) бір компьютерде орналасқан (сурет 5.1). Ұйымдастырудың бұл әдісі желіні қолдануды қажет етпейді және барлық деректер қоры бір компьютермен жұмыс жасай береді.

Сурет
5.1. Орталықтандырылған архитектура
Файл-сервер
архитектурасы
Тапсырмалардың күрделілігінің артуы, дербес компьютерлер мен жергілікті есептеу желілерінің пайда болуы жаңа файл-сервер архитектурасының пайда болуына негіз болды. Бұл желіге қолжетімді дерекқор архитектурасы желідегі компьютерлердің бірін дерекқор файлдары сақталатын арнайы сервер ретінде белгілеуді қамтиды. Пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкес файлдық серверден деректерді өңдеудің негізгі бөлігі жүзеге асырылып, пайдаланушының жұмыс станцияларына жіберіледі (сурет 5.2).

Сурет
5.2. Файл-сервер архитектурасы
Клиент-сервер архитектурасы
«Клиент-сервер»
технологиясын қолдану желіге біріктірілген компьютерлердің белгілі бір санының
болуын қажет етеді, олардың бірі (желілік сервер болып табылады) арнайы
функцияларды орындайды.
Сонымен,
«клиент-сервер» архитектурасы функцияларды пайдаланушы (клиент) және сервер
қосымшалары деп екіге бөледі.
Клиент
қосымшасы серверге сұраныс жасайды, онда SQL (Structured Query Language) ДҚ
реляциялық мәліметтер қоры жұмыс істейді. Қашықтағы сервер сұранысты қабылдайды
және оны SQL ДҚ серверіне бағыттайды.
SQL
сервері – қашықтағы дерекқорды басқаратын арнайы бағдарлама. SQL сервері
сұранысты түсіндіруді, оның дерекқорда орындалуын, сұраныстың нәтижесін орындап
және оны клиент-қосымшаға беруді қамтамасыз етеді.
Бұл
жағдайда клиенттік компьютердің ресурстары сұраныстың физикалық орындалуына
қатыспайды; клиенттік компьютер тек сұранысты серверлік мәліметтер қорына
жібереді және нәтижені алады, содан кейін оны пайдаланушыға ұсынады (сурет
5.3).
Клиенттік
қосымшаға сұраныстың нәтижесі жіберілгендіктен, тек клиентке қажет деректер желі
арқылы «саяхаттайды». Нәтижесінде желіге жүктеме азаяды. Сұраныстың орындалуы
деректер сақталған жерде (серверде) болатындықтан, үлкен деректер пакеттерін
жіберудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, SQL сервері, егер мүмкін болса, алынған
сұранысты ең аз үстеме шығындармен минималды уақытта орындалатын етіп
оңтайландырады.

Сурет
5.3. Клиент-сервер архитектурасы
Деректер
қорында сақталған деректер белгілі бір логикалық құрылымға ие. ДҚБЖ қолдайтын
деректерді ұсынудың кейбір моделімен (деректер моделі) сипатталады.
Деректер моделі деректерді ұйымдастыру тәсілін, тұтастықты шектеуді және
объектіге рұқсат етілген көптеген операцияларды анықтайды.
Деректер
қоры архитектурасының үш деңгейі
1.
Ішкі деңгей (физикалық деңгей):
-
Ол деректерді тасымалдаушыда қалай сақтайтынын сипаттад;
-
Бұл мәліметтер қорының бағдарламашылары;
-
Дерекқор абстракциясының ең төменгі деңгейі.
2.
Тұжырымдамалық деңгей (концептуалдық деңгей)
-
Ол дерекқорда қандай деректер сақталатынын сипаттайды;
-
Бұл мәліметтер қорының менеджерлері;
-
Бұл дерекқордың абстракциясының аралық деңгейі.
3.
Сыртқы деңгей (көрініс деңгейі)
-
Ол жеке пайдаланушының деректерді қарау әдісін сипаттайды;
- Бұл пайдаланушылар деңгейі .