5.1. Деректер қоры (ДҚ) туралы түсінік

Деректер қоры (ДҚ) – қолданбалы бағдарламаларға қарамастан, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы, яғни деректерді сипаттау, сақтау және манипуляциялау принциптері.

Деректер қорының көпшілігі мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін қолданылатын компьютерлік құралдар – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтиды. Мұндай мәліметтер қоры әдетте деректермен қарапайым операциялар орындауға мүмкіндік беретін белгілі бір файлдық жүйеге негізделеді.

Деректерді басқару жүйесі дегеніміз – көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) (ағылшш. database management system (DBMS)) – деректер қорын құруға,  толықтыруға, өзгертуге, акпаратты іздеуді жүзеге асыруға, сүрыптау, топтастыру және есеп беру қызметін көрсететін бағдарламалық жасақтама. 

a) Банк қызметі: клиент, ақпарат, шот және несиелер мен транзакциялар үшін.

ә) Әуе компаниясы: брондау және кесте туралы ақпарат үшін. Әуе компаниясы деректер қорын географиялық түрде бөлінген алғашқылардың бірі болып, дүние жүзінде орналасқан терминалдар телефон желілері және басқа да деректер желісі арқылы орталық дерекқор жүйесіне қол жеткізді.

б) Университеттер: білім алушылар туралы ақпарат, курстарды тіркеу және бағалар үшін.

в) Кредиттік карта операциясы: несие карталары бойынша сатып алулар және ай сайынғы үзінді көшірмелер жасау үшін.

г) Сату: тұтынушы, өнім және сатып алу туралы ақпарат үшін.

д) Адам ресурстары: қызметкерлер, жалақылар, жалақы салықтары мен жеңілдіктері туралы ақпарат алу, сондай-ақ жалақыны қалыптастыру үшін.