№12 лекция бойынша тест

1. Белгілі және тиімді мақсат қойылу, тұжырымдау және кепілдік беру технологиясы ... деп аталады:
a) Big Data
b) SMART
c)Mobile технологиясы
d)Жасанды интеллект
e)Blockchain технологиясы
2. SMART мақсаттары, критерийлері:

a) өлшенімділік, қол жеткізу, өзектілік, шектеулі ресурстар, бұқаралық тартымдылық
b) нақтылық, өлшену, қол жетімділік, сапа, шектеу
c) нақты, өлшенетін, кең таралған, уақытпен шектелген, шынайы
d) нақтылық, өлшену, қол жетімділік, өзектілік, уақыт шектеулері
e) уақытпен шектелген, өлшенетін, қол жетімді, шынайы, сапа
3. Смарт құрылғыны анықтаңыз:

a) жаңа технологияларды пайдалана отырып, екі немесе одан да көп қатысушылар арасында телефон кездесуін ұйымдастыратын электрондық құрылғы
b) желіге қосылуға және ортақ ресурстарды пайдалануға қабілетті электрондық құрылғы
c) желіде немесе автономды түрде жұмыс істей алатын әртүрлі сымсыз протоколдар арқылы басқа құрылғылармен немесе желілермен байланысатын электрондық құрылғы
d) телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы медициналық қызметтерді қашықтан қосуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы
e) жаңа технологияларды пайдалана отырып, белгілі бір ережелер мен алгоритмдер бойынша ақпаратты өңдеуге және беруге қабілетті электрондық құрылғы
4. Телеконференция - бұл

a) дәстүрлі деректер қосымшалары басқара алмайтын үлкен және күрделі деректер жиынтығына арналған термин
b) оқушылардың шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, проблемаларды шешуге және қарым-қатынас дағдыларына ықпал ететін оқыту әдісі
c) аумақтық бөлінген қатысушыларға нақты уақыт режимінде ақпарат алмасу және өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін заманауи топтық байланыс әдісі
d) адамның араласуынсыз деректерді сымсыз жинап, тасымалдай алатын өзара байланысты есептеу құрылғыларының жүйесі
e) пайдаланушымен және басқа смарт құрылғылармен қосылуға, ортақ пайдалануға және өзара әрекеттесуге қабілетті электрондық құрылғы
5. «Интернет Заттары» (IoT) ұғымының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз
a) құрылғыларды компьютерлік желіге біріктіретін және бағдарламалық жасақтама, қосымшалар немесе техникалық құрылғылар арқылы деректерді жинауға, талдауға, өңдеуге және басқа объектілерге жіберуге мүмкіндік беретін жүйе
b) дәстүрлі деректер қосымшалары басқара алмайтын үлкен және күрделі деректер жиынтығына арналған термин
c) оқушылардың шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, проблемаларды шешуге және қарым-қатынас дағдыларына ықпал ететін оқыту әдісі
d) телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы ақпараттық қызметтерді қашықтықтан көрсету
e) пайдаланушымен және басқа смарт құрылғылармен қосылуға, ортақ пайдалануға және өзара әрекеттесуге қабілетті электрондық құрылғы
6.Телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы қашықтықтан медициналық қызмет көрсету түрі ....
a) Үлкен деректер
b) Телемедицина
c) Экологиялық таза технологиялар
d) Интеллектуалды қызметтер
e) Телеконференция
7. Интернет арқылы ақпаратты кедергісіз алмастыра алатын желі, автоматты режимде адамның бақылауынсыз басқаруға болады

a) Экологиялық таза технологиялар
b) Үлкен деректер
c) Интернеті заттары
d) Смартфон
e) Жасанды интеллект
8. Үлкен деректердің негізгі қасиеттері:
a) Уақыт, жылдамдық, қашықтық
b) Саны, сапасы, уақыты
c) Көлемі, уақыты, сапасы
d) Жылдамдық, әртүрлілік, уақыт
e) Көлемі, жылдамдығы, әртүрлілігі
9. Құрылымдық және құрылымданбаған мәліметтердің, сондай-ақ тиімді және жылдам өңдеудің әдістері мен құралдарының үздіксіз өсіп келе жатқан көлемінің жиынтығы:

a) Blockchain (Block chain)
b) Smart қызметтері
c) Жасанды интеллект
d) Үлкен деректер (Big Data)
e) Заттар интернеті (IoT)
10. «Блокчейн» ұғымына анықтама беріңіз

a) дəстүрлі деректерді өңдеу қолданбалары оларды өңдей алмайтындай үлкен немесе күрделі деректер жиыны
b) құрылымдалған және құрылымдалмаған деректер көлемінің үнемі ұлғаюы
c) ортақ желіге біріктірілген көптеген компьютерлер бойынша таратылатын деректерді шифрлау және сақтау(тізілім) технологиясы
d) адамның араласуынсыз деректерді сымсыз жинап және тасымалдай алатын өзара байланысты есептеу құрылғыларының жүйесі
e) бірегей идентификаторлармен жабдықталған өзара байланысты есептеу құрылғыларының, механикалық және цифрлық объектілердің жүйесі
11. Компьютерлік жүйелер арқылы адамның интеллект процестеріне еліктеу; адам санасының мүмкіндіктерін көбейтуге және тіпті одан асып түсуге мүмкіндік беретін технология

a) Smart технологиясы
b) Заттар интернеті
c) Үлкен деректер
d) Жасанды интеллект
e) Blockchain технологиясы
12. Жасанды интеллект құрудың 4 тәсілін көрсетіңіз:

a) Құрылымдық, эволюциялық, жергілікті, визуалды
b) Логикалық, құрылымдық, визуалды, интеллектуалды
c) Құрылымдық, имитациялық, интеллектуалды, аналитикалық
d) Эволюциялық, имитациялық, жаһандық, аналитикалық
e) Логикалық, құрылымдық, эволюциялық, имитациялық
13. Датчиктермен жиналған биометриялық деректерді үздіксіз өлшейтін, өңдейтін және жазатын, интеллектуалды қосылған медициналық құрылғыларға негізделген Smart қызметі...

a) Smart денсаулық сақтау
b) Smart есептеу
c) Smart қауіпсіздік
d) Smart жұмыс
e) Smart білім
14. Өндірістік процестері экологиялық зиянсыз немесе дәстүрлі өндіріс әдістерімен салыстырғанда аз зиянды технологиялар ...

a) Жасанды интеллект
b) Жасыл технологиялар
c) Үлкен деректер
d) Интеллектуалды технологиялар
e) Заттар интернеті
15. «Жасыл технологияның» бір түрі:
a) Электр энергиясын пайдалану
b) Smart оқыту
c) Баламалы энергия көздері
d) Smart жабдықты пайдалану
e) Инновациялық әдістерді қолдану
16. Жасыл технологияларды енгізудің негізгі мәселелері:
a) жоғары құны және өзгеретін көлік және энергетикалық инфрақұрылым
b) төмен құны және теріс экологиялық салдары
c) жоғары шығындар және үлкен уақыт шығындары
d) төмен құны және қоршаған ортаға оң әсері
e) төмен құны және экологиялық инновация
17. Телемедицинаға мыналар жатады:

a) медициналық емес мекемелерде азаматтарға дербестендірілген медициналық көмек көрсету
b) пациенттердің функционалдық параметрлерін телебақылау (телеметрия)
c) хирургиялық операциялардың тікелей бейнелері және бейне жазбалары
d) консультант дәрігер мен емдеуші дәрігер арасындағы бейнеконсультациялар және бейнеконференциялар
e) барлық жауаптар дұрыс
18. Телемедицинаның негізгі категорияларының бірін көрсетіңіз:

a) Медициналық білім
b) Медицинадағы бұлтты технологиялар
c) Медициналық сақтандыру
d) Науқасты қашықтан бақылау
e) Медициналық бағдарламалық қамтамасыз ету
19. Телемедицинаға анықтама беріңіз:
a) шығармашылықты, ынтымақтастықты және қабілеттілікті дамытатын оқыту әдісі
b) пайдаланушымен және басқа смарт құрылғылармен қосылуға, ортақ пайдалануға және өзара әрекеттесуге қабілетті электрондық құрылғы
c) жоғары өлшемді объектіде қызығушылық параметрінің таралуы туралы медициналық ақпаратты алу
d) телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету
e) адамның интеллектісін түсіну үшін компьютерді пайдаланудың медициналық міндетімен байланысты
20. Жасыл технологиялармен қамтылған аумақтарды көрсетіңіз:
a) ресурстарды қайта пайдалану және инновациялық әдістерді пайдалану
b) табиғи ресурстарды бір рет пайдалану және суды биологиялық тазарту
c) пайдаланылатын табиғи ресурстардың өзгеруін қашықтан бақылау және қалдықтардың кез келген түрін орналастыру
d) жаңартылатын энергия өндіру және инновациялық әдістер
e) жаңартылатын энергияны өндіру және ресурстарды қайта пайдалану