№5 лекция бойынша тест

1. Деректерді басқару жүйесі дегеніміз ...
А) көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
B) пайдалы ақпаратты табу, қорытындылар ұсыну және шешім қабылдауға қолдау көрсету мақсатында деректерді тексеру, тазалау, түрлендіру және модельдеу процесі.
C) бұл деректерді дайындау және жинау процесін сипаттау үшін қолданылатын термин.
D) бұл деректермен алмасу және ресурстарды ортақ пайдалану үшін өзара біріктірілген компьютерлер жиынтығы.
E) ақпараттардың және есептегіш қорлардың жаһандық телекоммуникациялық желісі.
2. Деректерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер базасының жіктелуі:
A) бастапқы және қайталама
B) орталықтандырылған және таратылған
C) негізгі және қосымша
D) желілік және жергілікті
E) иерархиялық және реляциялық
3. Деректерді ұйымдастыру жолын, тұтастықты шектеуді және объектіге рұқсат етілген көптеген операцияларды анықтайды.
A) шешім ағашы
B) деректер топологиясы
C) деректер моделі
D) деректер түрлері
E) деректерді жинау және талдау
4. Деректер базасындағы деректер классикалық модельдері?
A) Иерархиялық, желілік және реляциялық
B) Жергілікті, аймақтық және жаһандық
C) Бастапқы және қайталама
D) Орталықтандырылған, орталықтандырылмаған, бөлінген
E) Көрнекі, желілік, объектіге бағытталған
5. Артық деректердің аз орын алатындай жою және элементтер бойынша іздеу жылдам әрі нәтижелілі болатындай деректерді ұйымдастыру процесі ...
A) деректерді жіктеу
B) деректерді талдау
C) деректерді жинау
D)деректерді қалыпқа келтіру
E) деректерді сүзу
6. Мәліметтер базасының негізі болып табылады
A) Өріс
B) Макростар
C) Қалыптар
D) Модульдер
E) Кестелер
7. ДҚБЖ-де деректерді басқаруға арналған бағдарламалау тілі
A) С++
B)SQL
C) Pascal
D) HTML
E) Delphi
8. Деректер қорын басқару жүйесіне (ДҚБЖ) анықтама беріңіз
A) мәліметтер қорын құруға және мәліметтерді өңдеуге (енгізу, жаңарту, жою және таңдау) және басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама
B) әдетте компьютерлік жүйеде электронды түрде сақталатын кез келген ақпаратты немесе деректерді жинау
C) компьютердің жұмысын басқаратын және компьютер мен пайдаланушының тиімді жұмыс істеуі үшін қолданылатын әртүрлі көмекші функцияларды орындайтын бағдарламалар жиынтығы
D) қандай да бір физикалық тасымалдағышта сақталатын және мәліметтер қорына қосылған бағдарламалардың бірізді жиынтығы
E) әртүрлі типтегі мәліметтерді (бастапқы және қосымша) жинауға және талдауға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы
9. Деректер базасын әзірлеу келесі кезеңдерден тұрады:
A) орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және тікелей жобалау
B) иерархиялық, желілік және реляциялық жобалау
C) бастапқы және қайталама жобалау
D) аналитикалық, логикалық және физикалық жобалау
E)тұжырымдамалық, логикалық және физикалық жобалау
10. ДҚБЖ функциясына кірмейді
A)мәліметтер базасының құрылымын құру
B) деректер базасына деректерді жүктеу
C) деректерді басқару мүмкіндігін беру
D) деректер базасымен жұмыс істейтін қолданбалы бағдарламалардың дұрыстығын тексеру
E) деректердің логикалық және физикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету
11. MS Access-те өріс деректерінің қай түрі кескінді немесе бейнеклипті кірістіруге мүмкіндік береді?
A) Ole объектісі
B) мәтіндік
C) MEMO
D) сандық
E) ақшалық
12. Реляциялық ДҚБЖ мысалдары:
A) MS Access, Delphi, SQ
B) SQL, Pascal, Oracle
C) HTML, FoxPro, MS Access
D) MS Access, Oracle, FoxPro L
E) dBase, Oracle, HTML
13. MS Access ДҚБЖ-дегі деректер типтері
A) сандық, күн/уақыт, ақшалай
B) мәтіндік, логикалық, уақытша
C) гиперсілтеме, есептегіш, нақты
D) сандық, мәтіндік, уақытша
E) есептегіш, гипермәтін, ақша
14. MS Access ДҚБЖ-дегі негізгі объектілер
A) кесте, есеп, класс, үлгі
B) кесте, сұраныс, модель, есеп
C) кесте, сұраныс, үлгі, есеп
D) макро, сұраныс, үлгі, класс
E) сұраныс, үлгі, модель, есеп
15. Деректер қорларын басқару жүйесінің негізгі қызметі
A) қолданушыға аппараттық деңгейде егжей-тегжейге тоқталмай дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігін беру
B) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
C) файлдарды және сыртқы құрылғыларды басқару
D) компьютер құрылғылары мен пайдаланушылар арасындағы интерфейс ретінде қызмет етеді
E) нысандар арасындағы тәуелділіктерді көрсету
16. Деректер базасы мен деректер банкі ұғымдарының бір бірімен байланысы
A) қос ұғымдар
B) деректер қорына деректер банкі кіреді
C) бір және көп
D) байланысты емес ұғымдар
E)деректер банкі мәліметтер базасын қамтиды
17. ДҚБЖ-нің үш негізгі функциясын көрсетіңіз.
A) деректерді жинау, сақтау, архивтеу
B) деректерді сұрыптау, болжау, іздеу
C) деректер сипаттамасы, өңдеу, деректерді басқару
D) сүзу, деректерді архивтеу
E) деректерді топтау, сақтау, өшіру
18. Деректерді анықтауға және сақтауға арналған кез келген дерекқордың ажырамас бөлігі болып табылатын; құрылым өрістер жиынтығымен сипатталады және ақпарат жазбалар ретінде сақталатын объект түрі
A) есеп
B) сұраныс
C) үлгі
D) кесте
E) модуль
19. MS Access бағдарламасында кесте құрудың бір жолын көрсетіңіз
A) конструктор режимінде
B) онлайн режимінде
C) форма режимінде
D) модульдік режимде
E) жоба режимінде
20. MS Access-тегі Сұраныс
A) берілген талаптар мен критерийлерге сәйкес кестеден қажетті ақпаратты таңдауға қызмет ететін мәліметтер базасының элементі
B) деректерді қосу, өңдеу, жою немесе көрсету форматтарын реттеу үшін қолданылады
C) деректер базасында тиімді жұмыс істеу үшін өрістер мен жазбалардағы деректерді орналастыру және деректерді одан әрі сақтау
D) өзгертуге, сақтауға және басып шығаруға болатын бір немесе бірнеше кестелер мен дерекқорлардан алынған деректерді қамтиды
E) құрылым өрістер жиынтығымен анықталады(бағандар) және ақпарат жазбалар (жолдар) түрінде сақталады