№4 лекция бойынша тест
1. Адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі дегеніміз...
а) адамдар (пайдаланушылар) мен компьютерлер арасындағы өзара әрекетті зерттеу, жоспарлау және жобалау (жасау) болып табыладыә) компьютердегі көрнекі іс-қимылды зерттеу, жоспарлау және әзірлеу
б) адамдар арасындағы өзара іс-қимылды зерттеу, жоспарлау
в) адамдардың белсенді әрекеті
г) адам(пайдаланушылар) мен компьютер арасындағы өзара іс-қимылды бақылау
2. Адам - компьютер өзара әрекеттесуінің негізгі мақсаты
а) бұл немесе басқа бағдарлама қолдаушының қалауы бойынша жұмыс істей алатындығын анықтауә) пайдаланушының белгілі бір тапсырманы орындай алатындығын түсіну
б) компьютерде жұмыс істеу кезінде адамның қандай білім алғысы келетінін түсіну
в) бұл қолданушыны, оның монивациясын және міндеттерін түсіну
г) бұл жаңа бағдарламаны оқу процесінде жаңа нәрсе үйрену
3. Қолданушы интерфейсі дегеніміз ...
а) кез-келген электронды есептеу жүйесінің (компьютердің) өзегі; ақпаратты өңдеуге және есептеу процесін басқаруға арналғанә) бұл ақпараттық сигналды оның таралу ортасымен физикалық жұптастыруға арналған байланыс жүйелеріндегі бағдарламалар жиынтығы
б) бұл қолданушының компьютермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы
в) басқа бағдарламаларды әзірлеу, іске қосу және орындау үшін ортаны қамтамасыз ететін жалпы есептеуіш сипаттағы мәселелерді шешетін бағдарламалар
г) компьютерлерді басқаратын және оларда қолданбалы бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама
4. Адам мен компьютердің өзара әрекеттесуін зерттеу, жоспарлау және дамыту
а) адам мен адамның өзара әрекетіә) бағдарлама жазу
б) компьютер мен сыртқы құрылғылардың әрекеттестігі
в) компьютер мен компьютердің әрекеттестігі
г) адам мен компьютердің өзара әрекеті
5. Жұмыс үстелінің шетінде пайда болатын және бағдарламаларды жылдам іске қосу немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған бағдарламалардың өзгеруін бақылау үшін қолданылатын интерфейс элементі
а) контекстті мәзірә) басқару тақтасы
б) есептер тақтасы
в) жарлық
г) негізгі мәзір
6. Графикалық қолданушы интерфейсі анықтамасы (GUI)
а) пернетақтада енгізілген таңбалар тізбегі болып табылатын командалар арқылы адам мен компьютер арасындағы өзара әрекеттесуә) қолданушы дыбыстық командаларды енгізу арқылы компьютермен тікелей байланысады
б) қолданушыға қол жетімді болатын барлық жүйелік нысандар мен функцияларды экранның графикалық компоненттері(элементтері) түрінде ұсыну
в) компьютерді басқару адамның бет әлпеті, көру бағыты, көз жанарының өлшемі және де басқа белгілері қолданылады
г) қолданушының тұлғааралық қарым-қатынас түрінде өзара әрекеттесуінің достық тәсілі
7. Терезе, мәзірлер, түймешелер, белгішелер элементтері...
а) мәтіндік қолданушы интерфейсіә) командалық жолы интерфейсі
б) Silk интерфейсі
в) графикалық қолданушы интерфейсі
г) операциялық жүйенің интерфейсі
8. Компьютер мен адамның өзара әрекеттесуі ...
а) жүйелік интерфейсә) аппараттық интерфейс
б) жұмыс интерфейсі
в) көпжиындық интерфейс
г) қолданушы интерфейсі
9. Контекстік мәзірге анықтама беріңіз:
а) тінтуірдің оң жақ түймешігін басқан кезде пайда болатын жасырын мәзір-таңдалған нысанға немесе элементке арналған командалар мен функциялардың тізіміә) Windows есептер тақтасында орналасқан Бастау түймесін басу арқылы ашылады
б) Windows қосымшаларында қолданушы ашқан соңғы құжаттар мен файлдардың мәзірі
в) тінтуірдің сол жақ батырмасын басқан кезде пайда болатын жасырын мәзір, таңдалған нысанға немесе элементке арналған командалар мен функциялардың тізімі
г) объекттің үстіне апарған кезде пайда болатын жасырын мәзірде сол объект үшін орындалатын командалар
10. Қолданушы графикалық интерфейсінің негізгі элементтері (WIMP интерфейсінің аббревиатурасы)
а) Төте жол, батырма, мәзір, белгішеә) Терезе, команда, графика, көрсеткіш
б) Терезе, пәрмен, белгіше, түйме
в) Терезе, белгіше, мәзір, көрсеткіш
г) Мәзір, интернет, терезе, батырма
11. ДК жұмыс үстелінің анықтамасын көрсетіңіз:
а) мобильді құрылғыларға арналған қосымша және қызметә) интернеттен деректерді басқаруға мүмкіндік беретін негізгі белгіше
б) компьютерді қосқаннан кейін пайда болатын экранның негізгі жұмыс аймағы
в) компьютерді қосқан кезде іске қосылатын негізгі бағдарламалар
г) компьютердегі кейбір танымал ресурстар жиынтығы
12. Жарлық (Ярлык) дегеніміз
а) компьютердегі барлық қолданушы бағдарламаларын қайта іске қосуды басқаратын сілтемеә) тиісті нысанды жылдам іске қосуды қамтамасыз ететін файлға немесе бағдарламаға сілтеме
б) компьютерде орнатылған бағдарламалар мен Қолданбалар топтарының мәзіріне кіруге мүмкіндік беретін сілтеме
в) жиі қолданылатын құжаттардың, жүйелік қалталардың тізімін ашатын сілтеме
г) себеттен тиісті нысанды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін файлға немесе бағдарламаға сілтеме
13. Графикалық операциялық жүйені көрсетіңіз?
а) Windows XPә) MS DOS
б) Pascal
в) CPU
г) RAM
14. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтерін (WIMP интерфейсінің аббревиатурасы) көрсетіңіз
а) терезе, команда, графика, көрсеткішә) терезе, команда, белгіше, батырма
б) төте жол, түйме, мәзір, белгіше
в) мәзір, интернет, терезе, батырма
г) терезе, белгіше, мәзір, көрсеткіш
15. Командалық жолы интерфейсіне (CLI) анықтама беріңіз:
а) Пайдаланушы файлмен әрекеттесе аладыә) Адамдар (пайдаланушылар) мен компьютерлер арасындағы өзара әрекеттесу
б) Тапсырманы орындау үшін қажетті адам ресурстарын оңтайландыру міндеті
в) Пайдаланушы командаларды енгізу арқылы компьютермен тікелей әрекеттеседі
г) Бағдарламаны пайдалануды жеңілдету үшін пайдаланушы интерфейсі
16. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің анықтамасы (GUI)
а) Тапсырманы орындау үшін қажетті адам ресурстарын оңтайландыру міндетіә) Адамдар (пайдаланушылар) мен компьютерлер арасындағы өзара әрекеттесу
б) Графикалық элементтер арқылы пайдаланушының жүйемен өзара әрекеттесуі
в) Компьютерлік технологияларды әзірлеу және пайдалану
г) Пайдаланушы экранға командаларды енгізу арқылы компьютермен тікелей әрекеттесе алады
17. Пайдаланушы интерфейсін әзірлеу келесі кезеңдерден тұрады:
а) жобалау, жөндеу, енгізуә) жобалау, іске асыру, тестілеу
б) деректерді жинау, енгізу, тестілеу
в) жоспарлау, іске асыру, пайдалану
г) жоспарлау, жөндеу, іске асыру
18. Интерфейстегі юзабилити - бұл
а) пайдаланушы интерфейсінің қаншалықты түсінікті және ыңғайлы екенін анықтайтын сапаә) пайдаланушының компьютермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы
б) қарым-қатынастың әдеттегі, адамдық формасына жақын интерфейс түрі
в) интерфейстің оның функционалдығын көрсету және әртүрлі біліктіліктегі қолданушыларға сәтті жұмыс істеу мүмкіндігін беру қабілеттілігі
г) экранда сөйлеу пәрмені бойынша семантикалық байланыстардың бір іздеу кескінінен екіншісіне қозғалыс болған кездегі интерфейстің сипаттамасы
19. Speech, Image, Language, Knowledge (SILK) нені білдіреді?
а) Пайдаланушылар тобыә) Бағдарлама құрылымы
б) Байланыс жүйесі
в) Адамдар арасындағы қатынас формасындағы интерфейс
г) Бақылау жүйесі
20. Интерфейс – бұл ...
а) компьютердің қарым – қатынасыә) пайдаланушының қарым –қатынасы
б) бақылау мен бағалау теңдігі
в) деректердің қарым – қатынасы
г) пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы