№3 лекция бойынша тест

 

1. Қолданбалы бағдарламалық жасақтамаға кіретін бағдарламаларды көрсетіңіз:
а) мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, операциялық жүйелер, ойындар, мәліметтер базасы және т. б.
ә) мәтіндік процессорлар, қызметтік бағдарламалар, архивтік бағдарламалар, ойындар, мәліметтер базасы және т. б.
б) электрондық кестелер, оқыту бағдарламалары, сервистік бағдарламалар, дискілерге қызмет көрсету бағдарламалары және т. б.
в) мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, оқу бағдарламалары, ойындар, мәліметтер базасы және т. б.
г) драйверлер, утилиталар, операциялық жүйелер, бағдарламалау тілдері, стандартты кітапханалар және т. б.
2. Көп қолданушы, көп міндетті, көп процессорлы – бұл ... классификациясы
а) аппараттық қамтамасыз ету
ә) бағдарламалық қамтамасыз ету
б) операциялық жүйе
в) пайдаланушы интерфейсі
г) жүйелік бағдарламалар
3. Компьютердің аппараттық құралдарын басқаруды қамтамасыз ететін, файлдармен жұмыс істеуді және қолданбалы бағдарламаларды орындауды ұйымдастыратын, деректерді енгізу мен шығаруды жүзеге асыратын бағдарламалар кешенін көрсетіңіз:
а) қолданбалы бағдарлама
ә) сервистік БҚ
б) утилиталар
в) Операциялық жүйе
г) аспаптық бағдарлама
4. Операциялық жүйенің бұл қасиеті бір уақытта бірнеше процестерді(бағдарламаларды) параллель орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
а) көп ағынды
ә) көп қолданушы
б) көп процессорлы
в) көп міндетті
г) көпфункционалдылық
5. Компьютердің жұмысын басқаратын және компьютер мен пайдаланушының тиімді жұмыс істеуі үшін қолданылатын әртүрлі көмекші функцияларды орындайтын бағдарламалар
а) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету
ә) аспаптық бағдарламалық қамтамасыз ету
б) негізгі бағдарламалық қамтамасыз ету
в) кәсіби бағдарламалық қамтамасыз ету
г) жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету
6. WINDOWS операциялық жүйесінің түрін көрсетіңіз
а) дербес компьютерге арналған бір тапсырмасы бар командалық ОЖ
ә) супер компьютерге арналған командалық операциялық жүйе
б) көп тапсырмалы, көп қолданушы операциялық жүйе
в) көп процессорлы операциялық жүйе
д) бір пайдаланушының операциялық жүйесі
7. Төмендегі операциялық жүйенің қайсысына келесі сипаттамалар кіреді: еркін, ашық бастапқы код, сенімді және тұрақты?
а) Windows
ә) Mac OS
б) Linux
в) Unix
г) iOS
8. Windows операциялық жүйесінде Ctrl+S пернелер комбинациясы келесі амалды орындайды
а) басып шығару
ә) барлығын белгілеу
б) кесу
в) сақтау
г) кірістіру
9. Бағдарламалау тілдері, компиляторлар, аудармашылар, кіші бағдарламалар кітапханалары және басқа бағдарламалар қай Бағдарламалық жасақтамаға жатады?
а) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету
ә) аспаптық бағдарламалық қамтамасыз ету
б) негізгі бағдарламалық қамтамасыз ету
в) кәсіби бағдарламалық қамтамасыз ету
г) жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету
10. Файлдағы деректердің форматын, онымен жұмыс істей алатын бағдарламаларды анықтауға көмектеседі.
а) файл атауын кеңейтілуі
ә) файлдың қасиеттері
б) файлдың сипаттамасы
в) файл атауын көрсету
г) файлды архивтеу
11. Компьютер жүктелген кезде қандай бағдарлама бірінші іске қосылады?
а) жедел жады
ә) BIOS
б)Windows
в) КЭШ
г) Linux
12. Тұрақты жад – бұл
а) флэш-диск
ә) қатты диск
б) CD / DVD дискілері
в) тұрақты сақтау құрылғысы (ROM)
г) жедел жад
13. Файл түрі (типі) нені көрсетеді?
а) файлдық деректермен өлшемін
ә) автордың аты-жөнін
б) файлдыѕ құрылған күнін
в) файлдыѕ атрибуттарын
г) файлдағы ақпарат түрін
14. Объектке тез қатынау сілтемесі бар файлдың ерекше түрін атаңыз ...
а) бума
ә) ярлык
б) файл
в) бөлім
г) порт
15. Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері?
а) жүйелік, негізгі, аспаптық
ә) негізгі, қолданбалы, аспаптық
б) жүйелік, қолданбалы, мамандандырылған
в) негізгі, техникалық, аспаптық
г) жүйелік, қолданбалы, аспаптық
16. Файлдарды архивтеу дегеніміз не?
а) файлдарды архивтен жою
ә) архивтік файлдарында вирустың бар-жоғын дискіні тексеру
б) дискідегі деректерді пішімдеу
в) файлдар мен бумалардағы ақпаратты қысу
г) архивтік файлдарда мәліметтер базасын құру
17. Утилиталар:
а) қолданбалы бағдарламалар
ә) сервистік (қызметтік) бағдарламалар
б) бағдарламалау тілдері
в) стандартты бағдарламалық кітапханалар
г) операциялық жүйелер
18. Драйверлер – бұл
а) бұл қолданбалы бағдарламалар мен операциялық жүйенің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін бағдарламалар.
ә) аппараттық және бағдарламалық құралдардың параметрлерін бағалауға және диагностикалауға арналған тестілік бағдарламалар
б) қызметтік бағдарламалар, компьютерді тексеру, баптау және конфигурациялау кезінде пайдаланушының жұмысын жеңілдетеді
в) сақталатын немесе берілетін ақпарат көлемін қысқарту үшін пайдаланылатын бағдарламалар
г) компьютерліквирустарменкүресугеарналғанбағдарламалар
19. Архивтік бағдарламаларды көрсетіңіз?
а) Defrag, AVP, RAR
ә) Photoshop, Excel, WinZIP
б) AIDS, ZIP, ScanDisk
в) 7ZIP ,Dr.Web, Kaspersky
г) Kaspersky, Photoshop, WinZIP
20. Файлдың параметрлерін атаңыз
а) атауы, түрі, өлшемі, файл құрылған күні және уақыты
ә) файлдарды көшіру және жылжыту қабылеті
б) файл туралы терезе бар ақпарат
в) қолданушы аты, өлшемі, файл құрылған күні және мерзімі
г) қолданушы атауы және жедел жадыдағы өлшемі